Қазақстанда депутаттар «Еңбек ардагері» атағын тағайындауды ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда депутаттар «Еңбек ардагері» атағын тағайындауды ұсынуда

Қазақстанда депутаттар «Еңбек ардагері» атағын тағайындауды ұсынуда

«Ақ жол» депутаттық фракция Қазақстанда «Еңбек ардагері» атағы қайта пайда болса деген ұсыныспен Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке сауал жолдады.

  • 16 Сәуiр 2014
  • 931
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі таңда халықтың аз қорғалған санаты зейнеткерлер, олардың көбісі халық шаруашылығында 40-50 жылдан астам уақыт еңбек етті. Қазіргі Қазақстанның әлеуетін құруға айтарлықтай үлес қосқан және біз қазір олардың көп жылдар бойғы еңбегінің жемісін жеп отырған осындай ардагерлеріміздің  алдында қарыздармыз», — деп Мәжіліс мүшесі Светлана Қадырәлиева бүгін Астанада пленарлы отырыс барысында депутаттық сауалды оқып берді.

Олардың алатын зейнетақысы сіңірген еңбегіне үнемі тұрарлықтай болып жатпайды, дейді ол.

Бүгінгі күнге дейін Мәжіліс депутаттары ұсынған ардагерлер туралы заң қабылданбады. Бұл заң жобасы бюджет үшін шығынды болғандықтан, оны құзырлы органдар қолдамайды.

«Ақ жол» партиясының депутаттық фракциясы құрметті Кәрім Қажымқанұлы, сізден мемлекеттік, жекеменшік немесе қоғамдық секторларда 40 жылдан астам адал еңбек еткен азаматтар үшін төсбелгі тапсырумен «Еңбек ардагері» атағын беру туралы мәселе қарастыруыңызды сұраймыз, — дейді С.Қадырәлиев.


Звание "Ветеран труда" предлагают учредить в Казахстане депутаты