Жарияланды: 450

Қазақстанда дұрыс жұмыс істейтін сауда-өнеркәсіптік палата болуы тиіс- ҚР президенті

Қазақстанда дұрыс жұмыс істейтін сауда-өнеркәсіптік палата болуы тиіс. Бұл туралы бүгін, 31-қазанда Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Н.Назарбаевтың пікірінше, "елімізде "Сауда-өнеркәсіптік палата туралы" заң қабылдап, дұрыс басшы тағайындау керек". Елбасының айтуынша, сауда-өнеркәсіптік палата бизнестің мүддесін қорғап, соттармен және прокуратурамен ықпалдаса жұмыс істеуі тиіс. Палата кәсіпкерлік сала мен билік арасындағы алтын көпірге айналуы тиіс екенін атап көрсеткен Елбасы осы орайда елімізде сауда-өнеркәсіптік палатаны құру жұмысының сөзбұйдаға салынып кеткенін ескертті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін