Қазақстанда экономикалық өсімнің тоқталуына алғышарт жоқ - Сұлтанов - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда экономикалық өсімнің тоқталуына алғышарт жоқ - Сұлтанов

Қазақстанда экономикалық өсімнің тоқталуына алғышарт жоқ - Сұлтанов

Астана. 25 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда экономикалық өсімнің тоқталуына алғышарт жоқ. "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 25 Наурыз 2008
  • 636
Фото - Caravan.kz

«Экономиканы модернизациялау үшін қолданылып отырған жүйелік шаралар, сондай-ақ, жедел әрекет ету шаралары сыртқы дағдарыс салдарын жұмсартып, тұрақты дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы жолдауында сыртқы факторлардың әсер ету тәуекелін төмендетуге бағытталған жаңа нысаналар аталды. Мен қолданылған шаралар биылғы жылы біздің экономикамыздың сілкіністерсіз дамуына ықпал етеді деген ойдамын», — деп мәлімдеді Б. Сұлтанов.

Оның пайымдауынша, экономикалық өсімнің тоқтауына алғышарт жоқ. Министр республикада қарқыны сәл бәсеңдеу болса да, өсім жалғасып жатқанын атап өтті.

«Экономиканың даму сценариіне сәйкес ағымдағы жылы ЖІӨ орташа жылдық өсімі 5 — 7 пайыз. Ал инфляция деңгейімен қарар болсақ, 2008 жылдың алғашқы екі айында өткен жылдың сол кезеңіндегі көрсеткіштей болады», — деді Б. Сұлтанов.

Министр Ресейде инфляция деңгейі 2007 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,3%, Украинада — 2,9%, Әзербайжанда — 2,5% құрағанын хабарлады. Ол сондай-ақ, Қазақстан үкіметі қолданып жатқан шаралардың барлығы да осы жылы біздің 10% шегінен шықпауымызға бағытталғанын атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті