Қазақстанда электронды қалдықтарды өңдеу саласына мемлекеттік қолдау қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда электронды қалдықтарды өңдеу саласына мемлекеттік қолдау қажет

Қазақстанда электронды қалдықтарды өңдеу саласына мемлекеттік қолдау қажет

Қазақстанда электронды қоқыстарды өңдеу саласына мемлекеттік қолдау қажет.

  • 18 Қыркүйек 2014
  • 682
Фото - Caravan.kz

     Бұл туралы БҰҰ Даму бағдарламасы жобасының сарапшысы Салтанат Бәйешова мәлім етті.

«Бүгінде әлем бойынша 50 млн тонна электронды қалдық жиналған. Қазақстанда электронды қалдықтарды өңдеуге мемлекет пен өндірушілер тарапынан қолдау қажет. Қалдықтарды жинау мен утилизациялау инфрақұрылымын дамытып, халықты осы мәселеден құлағдар ету қажет және отандық өндірушілердің жұмыс аясын кеңейту керек», — деді ол EcoTech конференциясында.

«Жоба шеңберінде біз өнім өндірушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған қос заң актісін әзірлеп, үкіметке жолдадық», — деді С.Бәйешова.

Оның айтуынша, Қазақстанда электронды қалдықтарды өңдеумен айналысатын оннан астам зауыт бар. Бұл кәсіпорындар ұялы телефон, магнитола, кеңсе техникасы сынды шағын құралдарды утилизациялап, кәдеге жаратумен айналысады.


Электронды қоқыстың арасында ең жиі ауыстырылатын техниканың бірі және бірегей – ұялы телефондар. Істен шыққан ұялы телефондарды пайда көзіне айналдыруға болады, дейді сарапшы.

«Оны алтын өндірісімен салыстырар болсақ, құрамында алтыны бар бір тонна рудадан 5 грамм алтын алынады. Ал, бір тонна ұялы телефоннан 280 грамм алтын алуға болады», — деді С.Бәйешова.