Қазақстанда фильтрлі темекілердің бөлшек саудасына ең төменгі баға белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда фильтрлі темекілердің бөлшек саудасына  ең төменгі баға белгіленді

Қазақстанда фильтрлі темекілердің бөлшек саудасына ең төменгі баға белгіленді

АЛМАТЫ. 6 сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанда үкімет қаулысымен фильтрлі темекілердің бөлшек саудасына ең төменгі баға белгіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып хабарлайды.

  • 6 Сәуiр 2007
  • 437
Фото - Caravan.kz

Қаулыға ҚР премьер министрі К.Мәсімов 2007 жылы 4 сәуірде қол қойған. Бұл ҚР 2003 жылы 12 маусымдағы «Темекі өнімдерінің өндірісіне және сауда айналымын мемлекеттік реттеу» туралы заңына сәйкес шығарылған қаулы».

Қаулы мәтініне сәйкес республикада фильтрлі темекілердің бөлшектік саудасына /қорап/ 45-тен 85 миллиметрге дейін және осы өлшемнен 1 миллиметрге дейін сәл ауытқыған түрлер 40 теңге, ал ұзындығы 87,1-ден 160 миллиметр өлшемдегілер 50 теңге болып ең төменгі баға белгіленді.

«Бұл қаулы күшіне бірінші ресми түрде жарияланған күннен 20 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді»,-деп көрсетілген құжатта.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті