Қазақстанда iPhone 6 смартфоны қараша айынан бастап сатыла бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда iPhone 6 смартфоны қараша айынан бастап сатыла бастайды

Қазақстанда iPhone 6 смартфоны қараша айынан бастап сатыла бастайды

Қазақстанда iPhone 6 смартфонының ресми сатылымы қараша айында басталуы мүмкін,

  • 11 Қыркүйек 2014
  • 500
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады BFF.kz дүкендер желісінің жетекшісі, Apple компаниясының ресселері Ұлан Қаражігітов.

«Қазақстанда ресми түрде сатылымға қараша айында түсуі мүмкін. Ал бағасы бойынша нақты ақпарат әлі жоқ. Бірақ біз жаңа үлгінің 5S үлгісінен аса қымбат болмайды деп отырмыз, шамамен 160 мың теңге болуы мүмкін», — деді ол.

Оның айтуына қарағанда, Apple өнімдеріне сұраныс жоғары. «Apple  компаниясының  өзінде өнім тапшылығы болып қалмаса, бізде бәріне де жететін болады», — деп қосты ол өз сөзіне.

Еске сала кетейік, жақында Apple компаниясы  iPhone 6 и iPhone 6 Plus смартфондарының таныстырған болатын. Сондай-ақ БАҚ Нью-Йоркте аталған смартфонды алам деушілер екі апта бойы фирмалық дүкеннің алдында ұзын-сонар кезекте тұрғандығын
жариялаған еді.