Қазақстанда ірі 14 нысан 61 млрд теңгеге сатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ірі 14 нысан 61 млрд теңгеге сатылды

Қазақстанда ірі 14 нысан 61 млрд теңгеге сатылды

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстанда ірі 14 нысан 61 млрд теңгеге сатылды.

  • 26 Наурыз 2018
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін мәжілістегі үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сатуға ірі 21 нысан қойылған. Оның ішінде Ұлттық холдинг бойынша – 19, республикалық меншік бойынша 2 нысан. Олардың ішінде қазіргі уақытта 14 нысан сатылды және «ҚазМұнайГаз» бен «Қазақстан темір жолының» IPO-сының аясында 7 нысан өткізілді», – деді министр.

Атап айтқанда, оның дерегінше, республикалық меншік бойынша 2 денсаулық сақтау «ҚазМедТех» АҚ пен «ҚазМедорталық» АҚ сатылды. Квазимемлекеттік сектор бойынша 12 компания сатылып кетті. Активтерді сатып алушылар қатарында тиісті салаларда тәжірибесі бар трансұлттық ірі компаниялар бар.

Мысалы KTZE-KHORGOS GATEWAY 49 пайызыы Shanhai Investment & Development Company Ltd COSCO Container Linesке, «Локомотив Құрастыру Зауыты» АҚ-ның 50 пайызы GE Transportation Engines Holding B.V., «Электровоз Құрастыру Зауыты» ЖШС-ның 50 пайызы француздық Alstom ірі машина жасау компаниясына сатылды «Ірі нысандардың жалпы сатылу бағасы 61 млрд теңгені құрады. Бұл олардың баланстық құнынан 20 пайызға жоғары», – деді Тимур Сүлейменов.

Оқи отырыңыз:

Мемлекет басшысы Ресей Президенті В.Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Кемероводағы өрт құрбандарының саны артты. Арасында губернатор Аман Төлеевтің туысы — 11 жастағы қыз да бар

Оралда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі есірткі сатты деген күдікпен ұсталды