Жарияланды: 40

Қазақстанда кедейшілік 13 есеге төмендеді - Мемлекет басшысы

Қазақстанда кедейшілік 13 есеге төмендеді - Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы биыл Қазақстанда Бес жаңа әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру жұмыстары қолға алынғанын еске салып өтті.

Қазақстанда кедейшілік 13 есеге төмендетілді. Бұл туралы Global Challenges Summit 2018 форумында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан белсенді әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда. Бұл бағытта кедейшілік 13 есеге төмендетілді, яғни 40 пайыздан 3 пайызға дейін. Жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан төмен», - деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы биыл Қазақстанда Бес жаңа әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру жұмыстары қолға алынғанын еске салып өтті.

«Бұл бастамалар қолжетімді баспанамен, сапалы жоғары біліммен қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнесті қолдауға, салық салудағы әділдікке, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған. Осы қадамдар ел тұрғындарының әл-ауқатын тұрақты дамытуға әрі жақсартуға ықпал етеді», - деді Елбасы.

Оқи отырыңыз:

Әбунасыр Серіков өзі басқаратын “Нысана” театрынан кетті 

Баян Алагөзова жаңа фильмге ұзын бойлы, сымбатты жігіт пен сұлу қыз іздеп жатыр

Қазақстанға турист әкелетін екі бағдарлама бар: Димаштың концерті мен біздің шоуымыз – Денис Тен
 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін