Жарияланды: 40

Қазақстанда Кітапханашы күні пайда болады

Қазақстанда Кітапханашы күні пайда болады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мерекелік күндердің тізбесіне қатысты қаулы жобасын даярлады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Осы орайда мерекелік күндердің тізбесіне қатысты жобада мынадай мазмұндағы 37-1 пунктімен толықтырылады:

«37-1. Кітапханашы күні – 22 қазан».

Атап айтқанда, аталған жобаның мақсаты - кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ынталандыру.

«Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатты қоғамдық талқылау биылғы 18 ақпанға дейін жалғасады.

Қаулының жобасын іске асыру қаржылық шығындарды қажет етпейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін