Қазақстанда көлік жүргізуші әйелдер бір айда 14 баланы қағып, 3 баланы мерт қылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда көлік жүргізуші әйелдер бір айда 14 баланы қағып, 3 баланы мерт қылды

Қазақстанда көлік жүргізуші әйелдер бір айда 14 баланы қағып, 3 баланы мерт қылды

Қазақстанда мамыр айында көлік жүргізуші әйелдер бірнеше жол-көлік оқиғаласын жасап,

  • 27 Мамыр 2015
  • 425
Фото - Caravan.kz

бірнеше баланы қағып кетті. Өкініштісі, жол жүру ережесінің өрескел бұзылуынан көлік астында қалған 3 бала мерт болды. 

Алматы, Астана, Өскемен қалаларында тек соңғы алты күн ішінде әйелдер үш бірдей қайғылы жол көлік оқиғасын жасады. 

Алматыда «Қалқаман» шағынауданында 2 мамыр күні кешке жақын 34 жастағы алматылық әйел мас күйінде көлік басқарып, 15 жастағы қызды, арбадағы 4 айлық баланы қағып кетті. Сәби шетінеп, қыздың аяғы сынған. ІІД хабарлауынша, әйел оқиға орнынан із суытпақ болған.
null

20 мамыр күні Алматыда бүкіл қазақстандықтардың жанын түршіктірген оқиға болды. 46 жастағы әйел «Тойота Ленд Крузер» көлігімен балабақша балалары ойнап отырған алаңқайды соғып, 5 жасар баланы басып кетті. Көлік астында қалған бала мерт болды. Ал жараланған 9 сәби ауруханаға жеткізілді. ІІД көлік жүргізушісі ұсталғанын хабарлады. 
null
Осы оқиғадан халық ес жиып үлгерместен, 25 мамыр күні Астана қаласында сағат 12 шамасында 32 жастағы әйел басқаруындағы «Toyota 
Land Cruiser Prado» маркалы көлігімен 11 жастағы баланы жаяу жүргінші жолағында қағып өлтірді. Оқиғаға кінәлі әйелдің жүкті екені анықталды. 
null
Өскемен қаласында 25 мамыр күні жас келіншек 10 жастағы баланы қағып кетті. Жеткіншек қазіргі уақытта бас сүйегінің зақымдануы, ми шайқалу диагноздарымен ауруханада жатыр. Бұл жағдайда да әйел оқиға орнынан қашып кеткен.


null