Жарияланды: 510

Қазақстанда көлік-тасымал дәліздерін дамыту қажет - «Қазфосфат» басшысы

Қазақстанда жаңа көлік-тасымал дәліздерін дамыту қажет, деп «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш ескендіров мәлім етті.

«Жамбыл облысындағы химия өнеркәсібінің тартымдылығы фосфаттың негізгі қорына ғана емес, химиктер мен оған қызмет көрсететін салалардың кәсіби білікті мамандарымен де байланысты. Алайда, жұмыс табысты болуы үшін тасымал мәселесін шешіп алуымыз қажет», - деді ол халықаралық TARAZ INVEST-2012 инфестициялық форумында. М.Ескендіров Қазақстанда экспорт әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін көлік дәліздерінің жоқтығын атап өтті. «Біз шығарған өніміміздің 60 пайызын Еуро аймақ елдеріне жөнелтеміз. Оңтүстік Азиямен арадағы байланысты дамытқымыз келеді, бірақ тасымал дәлізі жоқ. Ресей арқылы тасымалдасақ қымбатқа түседі. Иран арқылы транзитті күтіп жүрміз. Оның қашан ашылатыны белгісіз, өйткені ол жақта жағдай тұрақсыз», - деп түсіндірді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін