Жарияланды: 50

Қазақстанда коронавирус анықталған жоқ

Қазақстанда коронавирус анықталған жоқ

Қазір ОРЗ базасында коронавирусқа қарсы 100 сынама зерттелді, нәтижесінде вирус жұқтырған адам анықталған жоқ.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-тегі парақшасында жазды.

Ведомство басшысының айтуынша, nCoV-2019 жаңа коронавирусының зертханалық диагностикасы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының орталық референс зертханасында (ОРЗ) ДДСҰ мен АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының әдістемесіне сәйкес Ұлттық биотехнологиялар орталығымен бірлесіп Real-Time RT-PCR әдісімен жүргізіледі.

Тыныс алу жолдарынан, қақырық, жөтел кезінде бронхтан бөлінетін зат,  сондай-ақ қан сарысуы анализге алынады.

Сарапшылар пациенттен алынған сынаманы зертханалық тестілеуден өткізіп, коронавирустың РНК тексереді, бұл  короновирустық инфекцияны анықтауға мүмкіндік береді.

"Барлық процедуралар CDC/ДДСҰ хаттамасына сәйкес диагностикалық жүйе бойынша орындалады. 
Тұмау маусымын ескере отырып, коронавирустың симптомдары байқалған жағдайда, аурудың алдын алу үшін барлық пациенттер тұмауға, ЖРВИ және басқа да коронавирус түрлеріне қарсы қосымша тексеруден өтеді. Науқастардың теріс және оң сынамалары Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығының вирустық инфекцияларды бақылау жөніндегі ДДСҰ аккредиттелген зертханасының базасында қайта тексеруден өтеді," - деп жазды министр.

Оның айтуынша, диагностиканың соңғы сатысы ретінде  сынама ДДСҰ  ынтымақтасқан зертханасына қайта  жіберіледі. Коронавирусқа тапсырылған анализ диагностикадан өткенше пациентті медицина қызметкерлері тәулік бойы бақылауда ұстайды және олар медициналық мекемелердің оқшауланған бокстарында болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін