Қазақстанда көшелердің атын өзгертуге мораторий енгізілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда көшелердің атын өзгертуге мораторий енгізілмек

Қазақстанда көшелердің атын өзгертуге мораторий енгізілмек

Қазақстанда 1 мамырдан бастап елді мекендердегі көшелерді, аудандарды, алаңдар мен даңғылдарды қайта атауға уақытша мораторий енгізу жоспарлануда. Ұсынысты премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов халық санағын өткізу жөніндегі арнайы комиссияның отырысында мақұлдады.

  • 11 Ақпан 2021
  • 54
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Санақты сапалы өткізу үшін комиссия әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, жою және қайта құру туралы ұсыныстар бойынша және елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау бойынша 2021 жылғы 1 мамыр мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде мораторий енгізудің орындылығы туралы мәселені қарады", — делінген арнайы комиссия отырысының қорытындысы бойынша хабарламада.

Бірінші вице-премьер ұсынысты мақұлдап, Ұлттық статистика бюросына президент әкімшілігіне тиісті хат жолдауды тапсырды.


Елді мекендердің құрамдас бөліктері — шағын аудандар, қалалар аудандары, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, саябақтар, скверлер, көпірлер және басқа да бөліктер.