Қазақстанда күн суытады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда күн суытады

Қазақстанда күн суытады

25-27 маусым күндері елімізде жаңбыр жауып, күн суытады.

  • 24 Маусым 2020
  • 29
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің біраз бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Новая Земля аумағынан келген солтүстік циклон елімізге жаңбыр әкеледі. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, кейін орталығы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жаууы ықтимал.

26 маусымда солтүстік-батыстан суық антициклон келеді. Түнде республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы +2-7 және +10-ға градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +12-17, кей жерлерде +20 градусты көрсетеді.


Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар