деп хабарлады мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Бөрібаев.
"Саланы қайта құру мақсатында Мәдениет пен өнер жөніндегі ұлттық кеңес және салалар бойынша көркемдік кеңестер құру көзделген", деді ол.
Ол атап өткендей, көркемдік кеңестер үйлестіру жағын қамтамасыз етпек.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта мәдениет және спорт министрлігі дайындап жатқан Мәдениет саясаты тұжырымдамасы түпкілікті нәтижеге, тұтынушымен арадағы жұмысқа, отандық мәдениетті халықаралық деңгейге шығаруға бағытталған.
Алдында хабарланғандай, елбасы қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ой-өрісін қалыптастыруға және заманауи мәдени кластерді дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді Мәдениет саясатының тұжырымдамасын дайындау және бекіту міндетін алға қойған болатын.