Қазақстанда мәслихаттар депутаттығына 2172 кандидат ұсынылды - ОСК - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мәслихаттар депутаттығына 2172 кандидат ұсынылды - ОСК

Қазақстанда мәслихаттар депутаттығына 2172 кандидат ұсынылды - ОСК

АСТАНА. 12-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстанда мәслихаттар депутаттығына 2172 кандидат ұсынылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме жасап.

  • 12 Шiлде 2007
  • 402
Фото - Caravan.kz

«2007 жылғы 12 шілдедегі жағдай бойынша мәслихаттар депутаттығына 2172 кандидат ұсынылды»,- делінген мекеме таратқан баспасөз баянында.

Олардың ішінен 1537 кандидатты «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы, 15 кандидатты Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы, 2 кандидатты Қазақстанның Коммунистік партиясы, 16 кандидатты Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы,1 үкімткерді қазақстанның Патриоттар партиясы, 1 кандидатты «Руханият» партиясы, 9 кандидатты қоғамдық бірлестіктер ұсынды және 591 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

Облыстық мәслихаттарға 210 кандидат, оның ішінде Астана қаласының мәслихатына — 8 кандидат және Алматы қаласының мәслихатына — 27 кандидат; аудандық мәслихаттарға — 1644 кандидат; қалалық мәслихаттарға — 318 кандидат ұсынылды.

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2007 жылғы 17 шілдеде, ал оларды тіркеу 23 шілдеде аяқталады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті