Қазақстанда Мемлекеттік күзет қызметі құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Мемлекеттік күзет қызметі құрылды

Қазақстанда Мемлекеттік күзет қызметі құрылды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік күзет қызметін құру туралы жарлыққа қол қойды.

  • 22 Сәуiр 2014
  • 968
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының жарлығы негізінде Президенттің күзет қызметі мен Республикалық гвардия біріктіріліп, Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметіне айналды. Бұл туралы президент баспасөз қызметі Твиттердегі парақшасында хабарлады.

Жаңа құрылымға Ә.Садықұлов жетекшілік етпек.

Республикалық гвардия қолбасшысы Мұхтар Аюбаев Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды.

Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Тұңғыш президентінің қауіпсіздік қызметі бастығы болып бекітілді.


Қанат Оразқұлов та МКҚ бастығының орынбасары қызметін атқаратын болды.

Республикалық гвардияр қолбасшысының орынбасарлары Ермек Үкібаев пен Айдарбек Абдолов қызметтерінен босатылды.