Жарияланды: 1200

Қазақстанда "Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталығын" құру жоспарлануда

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда "Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталығын" құру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі осы мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алқада агенттіктің 2009-2011 жылдардағы даму стратегиялық жоспарының жобасымен таныстырылды, сондай-ақ, агенттіктің 2008 жылғы 8 айдағы қызметінің нәтижелері және алдағы міндеттері талқыланды. Агенттіктің үстіміздегі жылғы 8 айындағы жұмысының нәтижесі бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов баяндама жасап, агенттіктің 10 жыл ішіндегі негізгі жұмысының қорытындысын қысқаша атап өтті. Оның ішінде, конкурстық іріктеу арқылы мемлекеттік қызметке келуде азаматтарға бірдей құқықты қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметтің институционалдық даярлау қазақстандық моделі; мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық базасын құру; мемлекеттік қызметшілерді оқытудың, инфрақұрылымын дамыту оның ішінде шет елдерде; Агенттіктің тәртіптік кеңестерінің рөлін күшейту; мемлекеттік қызмет көрсетудің реестрі және стандарттарын әзірлеу. Агенттіктің басшысы атап өткендей, еліміздің дамуының жаңа кезеңі және 50 бәсекеге қабілетті елдердің қатарына ену бойынша стратегиялық міндеттер мемлекеттік қызметті бұдан әрі модернизациялау және кәсібилендіруді қажет етеді. Осыған байланысты, мемлекет Басшысының тапсырмасына орай, әкімшілік реформаның аясында мемлекеттік қызмет саласындағы кадрлық саясат Концепциясын даярлау бойынша жұмыс жүргізілуде. Оның маңызды мотиві ретінде мемлекеттік қызметке барынша даярланған үміткерлерді іріктеу және тарту болуы керек; мемлекеттік қызмет персоналының өсуі және дамуына жағдай жасау; мемлекеттік қызметтегі іскер емес және таза емес адамдардан арылу. Бұл үшін кәсіби және тұлғалық әрекеті бойынша мемлекеттік қызметшілерді таңдаудың жаңа жүйесін енгізу, мемлекеттік қызметке барынша талантты және даярланған үміткерлерлі іздеуге және рекрутингті қамтамасыз етуге бағытталған "Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталығын" құру, кадр қызметінің жұмысын оларды адами ресурстарын басқаруға бейімдеп модернизациялау, аттестациялаудың жаңа әдістерін даярлау және мемлекеттік қызметшілерді карьералық өсімге бейімдеу жоспарлануда. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть