Қазақстанда некесіз туған балалар мен қараусыз қалған қариялар да алимент талап ете алады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда некесіз туған балалар мен қараусыз қалған қариялар да алимент талап ете алады

Қазақстанда некесіз туған балалар мен қараусыз қалған қариялар да алимент талап ете алады

Неке және отбасы кодексіне енген жаңа түзетулерге сәйкес, алимент төлемейтін ер адамдар шетелге шыға алмайды, тіпті көлік жүргізу құқығынан айырылады. 

  • 29 Мамыр 2019
  • 45
Фото - Caravan.kz

Азаматтар енді өз балаларына ғана емес, сондай-ақ олардың анасы үшін қаржылай қолдау көрсетеді. Тіпті, бала босануы күрделі болған жағдайда, дәрі-дәрмекке көп шығын кеткен жағдайда ер азаматтар төлеуі тиіс, деп жазады Алматы арнасына сілтеп Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Босанудың күрделі болғаны не болмағаны жөнінде анықтама ауруханадан беріледі", — деді Нұр Сұлтанның Алматы аудандық сотының судьясы Гүлнұр Сейітхожина.

Жаңа түзетулер бір жарым ай бұрын күшіне енді. Әйелдер декреттік демалыс кезінде күйеулерінің алимент төлеуін талап етуде. 

"Егер күрделі жағдай саналса, босануға дейін 70 күнтізбелік күн ішінде және босанғаннан кейін 70 күнтізбелік күн ақы төлейді", — деді Нұр-Сұлтанның Алматы аудандық сотының судьясы Гүлнұр Сейітхожин.

Ал, ата-аналар алименты жағдайында заң одане да күшті. Қартайған әкелер мен аналарға материалдық көмек көрсетуді қаламайтындар жылжымайтын мүлкінен, жүргізуші куәлігімен қош айтысады. 


Заң бойынша, ата-анасы еңбекке жарамсыз болғанда және материалды көмекке мұқтаж болғанда балалары алимент төлеуі тиіс. 

Тек қана туған ата-аналар ғана емес, сонымен бірге өгей аналар мен әкелер өгей  балаларын сотқа бере алады. Бұл істі тәжірибелі адвокат Айбек Қазыбеков қарастырып жатыр.

"Заңда көрсетілгендей, бұрынғы әйелі, сондай-ақ өгей анасы еңбекке жарамсыз күйде болса, алимент талап ете алады", — деді адвокат Айбек Қазбеков.

Соңғы жаңалықтар