Қазақстанда өрттердің салдарынан бір тәулікте бес адам қаза тапты - ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда өрттердің салдарынан бір тәулікте бес адам қаза тапты - ТЖМ

Қазақстанда өрттердің салдарынан бір тәулікте бес адам қаза тапты - ТЖМ

Астана. 26 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өрттердің салдарынан бір тәулікте бес адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 26 Наурыз 2008
  • 494
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Текелі қаласында төрт қабатты тұрғын үйдің аумағында 25 наурызда 11 сағат 30 минутта бірінші қабаттағы бір пәтерде шыққан өртті сөндірген кезде ер адамның мәйіті табылды. Өрт 5 шаршы метр аумақты шарпыды. Ал екінші қабаттағы 32-ші пәтерден ер адамның мәйіті табылды. Өртті ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметі 12 сағат 33 минутта 4 адам мен 1 техниканың күшімен сөндірді.

Сонымен бірге, ТЖМ ақпаратына сәйкес, Қаратау қаласында жай үйде 25 наурызда 16 сағат 06 минутта 3 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылды. Өртті ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметі 16 сағат 30 минутта 6 адам мен 1 техниканың күшімен сөндірді.

Қарағанды қаласында жай үйде 25 наурызда 15 сағат 45 минутта 2 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылды. Өртті ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметі 16 сағат 19 минутта 14 адам мен 3 техниканың күшімен сөндірді.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысында жай үйдің аумағында 25 наурызда 8 сағат 30 минутта 24 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылды. Өртті жергілікті тұрғындардан құралған еріктілер 5 адам мен 1 техниканың күшімен сөндірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті