Жарияланды: 480

Қазақстанда өткен жылы электр қуатын тұтыну көрсеткіші 2002-жылғымен салыстырғанда 9,4 процентке артты

2003-жылы Қазақстанда электр қуатын тұтыну көрсеткіші 2002-жылғымен салыстырғанда 9,4 процентке артты. "Бұл сан 2002-жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 млрд. кВт/сағ-қа артып, 62 млрд. кВт/сағ-ты құрады". Бұл туралы бүгін, 10-наурызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында KEGOC ААҚ-ның президенті Қанат Бозымбаев журналистерге хабарлады.

Осыған сәйкес, 2003-жылы электр қуатын өндіру мөлшерін өткен жылғымен салыстырғанда 5,5 млрд. кВт/сағ-қа арттыруға тура келді. Энергетикалық компанияның өткен жылғы жұмысын қорытындылаған Қ.Бозымбаевтың атап көрсетуінше, бұған дейін Кегок тек импортпен ғана шұғылданып келсе, қазір ол электр қуатын шетелдерге де шығара бастады. 2003-жылы экспортқа шығарылған электр қуатының көлемі 4,119 млрд. кВт/сағ болса, импорт ауықымы 2,448 млрд. кВт/сағ-ты құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін