Қазақстанда парламент мәжілісі депутаттарының сайлауына 300-ден астам халықаралық байқаушы тіркелді - СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда парламент мәжілісі депутаттарының сайлауына  300-ден астам халықаралық байқаушы тіркелді - СІМ

Қазақстанда парламент мәжілісі депутаттарының сайлауына 300-ден астам халықаралық байқаушы тіркелді - СІМ

АСТАНА. 23 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстанда қазіргі жағдаймен парламент мәжілісі депутаттарының сайлауына 300-ден астам халықаралық байқаушы тіркелді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 23 Шiлде 2007
  • 337
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде ЕҚЫҰ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы, ТМД секілді халықаралық ұйымдардан 300-ден астам байқаушы тіркелді», — деді Е.Ашықбаев.

Сонымен бірге СІМ өкілінің хабарлауынша, қазіргі жағдаймен сайлау науқаны жайлы хабар таратуға 20-дай шетелдік БАҚ өкілдері аккредитацияланды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті