Қазақстанда полиция туралы қалыптасқан ұғымнан құтылу керек - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда полиция туралы қалыптасқан ұғымнан құтылу керек

Қазақстанда полиция туралы қалыптасқан ұғымнан құтылу керек

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету тек полицияның айрықша құзыреті деп қалыптасқан жаппай ұғымнан құтылу қажет.

  • 24 Қаңтар 2014
  • 289
Фото - Caravan.kz

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Президенті Әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев осылай айтты.

«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеуге жергілікті өзін-өзі басқару органдары белсенді түрде қатысуы тиіс, ал оны жүзеге асыруға халықты кеңінен тарту керек», — деп тоқталды ол.

А. Шпекбаевтың сөзіне қарағанда, бұл тұрғыда өзара жауапкершілік қана тиісті көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Барлық реформалар Қазақстан халқының полицияны тек күш-құрылым немесе жазалаушы қызметтермен өкілетті қудалау органы ғана емес, бірінші кезекте өзінің әлеуметтік серіктесі ретінде қабылдауына бағытталған», — деді ол.


А. Шпекбаевтың айтуынша, жаңғыртудың  кезекті кезеңі «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырумен байланысты. Осы орайда  2020 жылға қарай жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес құқық қорғау жүйесін құру мақсат-міндеті жүктеліп отыр.