Қазақстанда қанша түрме бар - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қанша түрме бар

Қазақстанда қанша түрме бар

Елімізде 79 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі бар. Олар қылмыс деңгейіне қарай ішінара бөлінеді.

  • 22 Желтоқсан 2022
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz  медиа-порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгінде елімізде 79 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі бар. Оның ішінде қауіпсіздігі барынша төмен 16 түрме, 13 орташа қауіпсіз түрме, кәмелетке толмағандарға арналған орташа қауіпсіз мекеме саны — 1. Сонымен қатар, қауіпсіздігі барынша жоғары 16 мекеме, төтенше қауіпсіз мекеме — 6 және 1 толық қауіпсіз мекеме бар. Одан бөлек, әйелдерге арналған 6 жазасын өтеу және туберкулезге шалдыққан сотталғандарға арналған 2 түрме бар. Сол сияқты ел аумағында қауіпсіздігі аралас 18 жазасын өтеу мекемесі жұмыс істеп тұр», — деген жауап алдық Ішкі істер министрлігінен.

Ресми хабарламада айтылғандай, жазасын өтеу мекемелерінде ер, әйел, кәмелет жасына толмағандар мен жұқпалы ауруға ұшырағандар бөлек ұсталады.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде жыл сайын шамамен 15 мың адам түрмеге қамалады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазір түрмелерде 28 мың адам жазасын өтеп жатыр. Сондай-ақ, жыл сайын шамамен 6 265 адам түрмеден шығады

Соңғы жаңалықтар