Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандарға арналған инсулин қоры жеткілікті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандарға арналған инсулин қоры жеткілікті

Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандарға арналған инсулин қоры жеткілікті

Астана. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандарға арналған инсулин қоры жеткілікті деп сендіруде. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР денсаулық сақтау министрлігінің емдеу- профилактикалық жұмыс жөніндегі депатамент директоры Жұмағали Исмаилов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Қаңтар 2008
  • 497
Фото - Caravan.kz

«Қан диабетіне шалдыққан азаматтардың өмірі инсулин препаратын уақтылы алуымен тікелей байланысты болғандықтан, денсаулық сақтау министрлігі олардың өмірі үшін жауапты. Бүгінгі күнігі мәліметтер бойынша инсулиннің қоры жарты жылға жетеді. Сондай-ақ, биылғы жылы тағы да жеткізілетін болады «, — деп мәлімдеді Ж. Исмаилов.

Ол атап өткеніндей, министрлік ай сайын инсулин препаратын пайдалануын және таратылуын үнемі бақылауда ұстаа, ай сайын мониторинг жүргізеді. «Дертке шалдыққандарға тиісті дәрілері уақтылы жеткізіліп, толық қамтамасыз етілген», — деп атап өтті Ж. Исмаилов.

Сондай-ақ, ол атап өткеніндей, министрлік «мемлекеттік басқару органы ретінде бір облыстан препараттарға зәру болып отырған басқа аймақтарға жібере алады».

«Инсулин дәрісін үнемі пайдаланатын аурулар мемлекетпен толық қамтамасыз етіліп, оның көлемі жыл сайын ұлғайтылып отыр. 2007 жылы мұндай дертке шалдыққандан үшін республикалық бюджеттен 2,3 млрд теңгеден аса қаржы жұмсалды. Бұл 2001 жылдағы шығындармен салыстырғанда 4 есе артық «, — деп атап өтті Ж. Исмаилов.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандар қатары 151 336 болса, оның 32 725 — инсулин дәрісін үнемі қабылдайтындар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті