Жарияланды: 70

Қазақстанда сайлау туралы заңға өзгерістер енгізілмек

Қазақстанда сайлау туралы заңға өзгерістер енгізілмек

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу жөнінде қаулы қабылданды.

Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды. 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Конституциялық заң жобасы Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес әзірленген. Заң жобасы сайлау заңнамасына жаңа институттарды енгізу, құқықтық олқылықтар мен қайшылықтарды жою арқылы жетілдіруге бағытталған. Заң жобасын әзірлеудің мақсаты – іргелі сайлау қағидаттарын сақтауды одан әрі қамтамасыз ету. Конституциялық заңға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар барынша ашық және демократиялық сайлау процесін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға дайын», - деді депутат Нұрлан Әбдіров.

Еске сала кетсек, Парламент Мәжілісінің отырысында палата депутаттары «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын.

Сонымен қатар, газ және газбен жабдықтау мәселесі талқыланып, электронды сауда алаңдарын енгізу ұсынылды.

Оқи отырыңыз:

Қытайда сібір жарасы дерті тіркелді

«Бәйтеректің» қасына қой жайған қостанайлық жазаланды

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін