Қазақстанда сайлауды ашық әрі әділетті өткізуге барлық алғышарт бар - Әбіқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 462.87
  • 540.72
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда сайлауды ашық әрі әділетті өткізуге барлық алғышарт бар - Әбіқаев

Қазақстанда сайлауды ашық әрі әділетті өткізуге барлық алғышарт бар - Әбіқаев

Қазақстанда сайлауды ашық әрі әділетті өткізуге барлық алғышарт бар. Бұл туралы бүгін, 25-тамызда ҚР парламенті сенатының спикері Нұртай Әбіқаев Франция сенатының депутаты - парламенттегі "Франция-Қазақстан" достық тобының төрағасы Эмери де Монтескьюмен кездесу барысында пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Тамыз 2005
  • 412
Фото - Caravan.kz

«Демократия орнатудағы басты талап — сайлауды ашық әрі әділетті өткізу. Дүниежүзілік институттардың бізден талап етіп отырғаны да осы»,- деді Н.Әбіқаев.

«Сайлауды дұрыс өткізуге қажетті заңнамалық және экономикалық жағдайлар бізде толық жасалған. Бұл мүмкіндіктер шараны әкімшілік ресурстарды пайдаланбай-ақ, қандайбір сөзбұйдасыз өткізуге мүмкіндік береді»,- деді сенат спикері.