Жарияланды: 370

Қазақстанда салымшылардың зейнетақы жарнасының көлемі азайып жатыр

Қазақстанда салымшылардың зейнетақы жарнасының көлемі азайып жатыр

Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жарнасының көлемі азайып жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің 2016 жылдың 1 маусымындағы «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ағымдағы жағдайы» атты шолуында жария етілді.

2016 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы салымдары 4565,3 млрд теңгені құрап, жыл басынан бері 4,3 пайызға өсті. Бұл, соңғы үш жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш.

2014 жылы жарналар сомасы 247,9 млрд теңгені құрады (өсім - 8,2 пайыз). Ал 2015 жылы өсім 278,3 млрд теңге болды (өсім - 7,5 пайыз). 

Өз кезегінде салымшылардың зейнеткерлік жинақ қаржысы жыл басынан бері 314,4 млрд теңгеге артып, (5,4 пайыз), 2016 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 6 142,6 млрд теңгені құрады. 2016 жылдың алғашқы 5 айы ішінде «таза инвестициялық кіріс»  - 208,6 млрд теңгеге артты. Өсім - 11,9 пайызды құрады,     

2014 жылдың осы мерзімінде жинақталған зейнетақы қаржысы 4 099,1 млрд теңге болды. Өсім - 365,7 млрд теңгені немесе 9,8 пайызды құрады. Ал 2015 жылы жинақталған қаржы 4856,8 млрд теңге болса, өсім -  336 млрд теңгені немесе 7,4 пайызды құрады.    

Осылайша, пайыздық ара қатынаспен алып қарағанда 2016 жылдың маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жарнасының көлемі төмендеді.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін