Қазақстанда салынған нысандарды қабылдап алатын мемлекеттік комиссиялар таратылады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда салынған нысандарды қабылдап алатын мемлекеттік комиссиялар таратылады

Қазақстанда салынған нысандарды қабылдап алатын мемлекеттік комиссиялар таратылады

2015 жылы Қазақстанда салынған нысандарды қабылдап алу қызметі тәуелсіз сарапшылардың қолына өтеді.

  • 11 Қыркүйек 2014
  • 390
Фото - Caravan.kz

Ал мемлекеттік қабылдау комиссиялары таратылады, деп бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«Салынған нысандарды қабылдап алатын мемлекеттік комиссиялар таратылады. 2015 жылдың шілдесінен бастап олар атқаратын қызмет тәуелсіз сарапшылардың жеке жауапкершілігіне беріледі», — деді ол бейсенбі күні демократиялық күштер коалициясының отырысында.

«Басқаша айтқанда, бізде авторлық қадағалау, техникалық қадағалау болады. 30-40 адамның қолын жинаудың қажеті жоқ. Ол үшін басымен жауап беретін нақты сарапшылар бар. Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік нормалары да енгізілген», — деді Б.Сағынтаев.