Қазақстанда "Самғау" атты ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг құрылады - президент жарлығы - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда "Самғау" атты ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг құрылады - президент жарлығы

Қазақстанда "Самғау" атты ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг құрылады - президент жарлығы

АЛМАТЫ. 10-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанда "Самғау" атты ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг құрылады. Осы жөніндегі жарлыққа президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

  • 10 Сәуiр 2007
  • 424
Фото - Caravan.kz

«Мемлекеттің тиімді ғылыми-технологиялық дамуына қолайлы жағдайлар жасау үшін Қазақстан Республикасы үкіметіне заңда белгіленген тәртіптерге сәйкес «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамын құруды қаулы етемін»,- делінген жарлық мәтінінде.

Сонымен бірге құжатқа сәйкес үкіметке «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының іс-қызметінің негізгі принциптері туралы меморандумды екі аптада бекітуді қамтамасыз ету; мемлекеттік акцияларының қоржыны «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ның жарғылық қорын өтеуге берілетін заңды тұлғалардың тізімін бекіту; бір айдың ішінде нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу; осы жарлықтан туындайтын басқа да шараларлы қолдану міндеттелді.

Жарлықтың орындалуын қадағалау ҚР президентінің әкімшілігіне жүктелді.

Жарлық қол қойылған уақыт — 2007-жылдың 6-сәуірінен бастап күшіне енеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті