Қазақстанда шілде айында ауа райы қандай болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда шілде айында ауа райы қандай болады?

Қазақстанда шілде айында ауа райы қандай болады?

Синоптиктер шілде айына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

  • 1 Шiлде 2016
  • 572
Фото - Caravan.kz

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағына терең белсенді циклондардың келуіне байланысты шілде айының бірінші жартысында жаңбырлы ауа райы болады. Ал Скандинавиядан келген циклондар еліміздегі ауа райына шілде айының соңғы жартысында әсер етеді.

Қазақстанның батыс аумақтарында 3-4 шілдеде және 7-8 шілдеде найзағайлы жауын-шашын жауып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ал ауа температурасы түнде 10-18 градустан 18-26 градусқа дейін, ал күндізгі уақытта 30-38 градусқа дейін жоғарылайды. 

''Еліміздің солтүстік-батысында және орталығында жауын-шашын, бұршақ күтіледі. Жел 9-14 метрге дейін , бұршақ болған жағдайда секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Сонымен қатар, ауа температурасы түнде 8-17 градустан 17-22 градусқа дейін жоғарыласа, күндіз 15-25 градустан 25-36 градусқа дейін жоғарылайды", — деді синоптиктегілер.

Сонымен қатар, еліміздің шығыс аумақтарында жауын-шашын, бұршақ болуы мүмкін. Жел 9-14 метрге, бұршақ болған жағдайда 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 10-22 градус болса, күндізгі уақытта 22-32 градус жылы болады.

Еліміздің оңтүстігінде 2-6 шілде күндері өткінші жаңбыр күтілсе, 7-8 шілдеде ауа температурасы түнде 18-23 градус, күндіз 30-38 градусқа дейін жылы болады. Ал қалған күндері ауа температурасы түнде 13-18 градус, күндіз 25-30 градус жылы болады.

Оңтүстік-шығыс аумақтарда жауын-шашын мен бұршақ күтіледі. 4-5 шілдеде өткінші жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 18-23 градустан 12-17 градусқа дейін төмендеп, күндіз 27-25 градус 22-27 градус аралығында жылы болады.


"Алдын ала болжам бойынша, шілденің екінші жартысында жылы ауа райы болып, еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аумақтарында күндіз ауа температурасы 28 градустан жоғары болады. Ал олтүстік, шығыс және орталық аумақтарда ауа температурасы 35 градусқа дейін жоғары болады", — деп хабарлады "Қазгидромет" РМК өкілдері.

Сонымен қатар, синоптиктегілер шілде айының үшінші жартысында белсенді циклондардың келуіне байланысты салқын жауын-шашынды ауа райын болатынын атап өтті.

Синоптиктердің мәліметінше, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында айлық жауын-шашынның мөлшері нормадан аз болса, қалған аумақтарда жауынның айлық мөлшері нормадан асып кеткен.
 

Соңғы жаңалықтар