Қазақстанда шығарылған фильмдер салықтан босатылуы мүмкін - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда шығарылған фильмдер салықтан босатылуы мүмкін

Қазақстанда шығарылған фильмдер салықтан босатылуы мүмкін

Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген «Кинематография туралы» заңы аясында елімізде түсірілген фильмдерді қосымша құн салығынан босату ұсынылды.

  • 10 Мамыр 2018
  • 196
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР МСМ Заң қызметі департаментінің директоры Күміс Сейітова мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазіргі уақытта кинематографиядағы барлық процес «Мәдениет туралы» заңның бірнеше бабымен ғана реттеліп отыр. Әрине, бұл кино секілді ауқымды саланы толық реттеуге мүмкіндік бермейді. АҚШ, Франция, Германия, Ресей, Ұлыбритания, Қытай секілді жетекші елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, бірнеше мәселені заңнамалық деңгейде реттеуді ұсынып отырмыз», — деді ол.

Осы орайда Күміс Сейітова аталған заң жобасы аясында Қазақстанда түсірілген фильмдерге салықтық жеңілдіктер енгізілетінін атап өтті.

«Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдерді қосымша құн салығынан босату ұсынылды. Сондай-ақ, шетелдік картиналарға қарағанда ұлттық фильмдерге басымдық беру үшін, кинотеатрларды отандық фильмді көрсету барысында корпоративтік табыс салығынан босату да қарастырылды. Аталған заң жобасы қазір ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр», — деді директор.

Оқи отырыңыз:

Астана 9 жасар бала із-түссіз жоғалып кетті

Головкин Канеломен жекпе-жек өткізгеннен соң Деревянченкомен жұдырықтасады

Павлодар-Қызылорда тас жолында бүтін бір отбасы қаза тапты

 

 

 

Соңғы жаңалықтар