Қазақстанда теңіз кеме қатынасы саудасының саласындағы жіктеу қоғамы өз жұмысын бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда теңіз кеме қатынасы саудасының саласындағы жіктеу қоғамы өз жұмысын бастайды

Қазақстанда теңіз кеме қатынасы саудасының саласындағы жіктеу қоғамы өз жұмысын бастайды

Астана. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда теңіз кеме қатынасы саудасының саласындағы жіктеу қоғамы - Lloyds Register Group өз жұмысын бастайды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі Дулат Күтербеков хабарлады.

  • 24 Қаңтар 2008
  • 600
Фото - Caravan.kz

«Бұл теңіз кеме қатынасы саудасының саласындағы жіктеу қоғамы болғандықтан, олардың негізгі мақсаты теңізде жүрген кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, теңізде түрлі апаттардың алдын алу және теңіз кемелердің суды ластауын болдырмауға саяды», — деп түсіндірді Д. Күтербеков.

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Пол Браммел атап өткеніндей, бұл қоғамның ашылуы «Қазақстан мен Ұлыбритания елдері арасында орныққан жақсы қатынастардың көрінісі».

«Қазақстан теңіз секторын дамытқысы келеді. Бұл Каспий теңізінде мұнай-газ оффшорлық операцияларын дамыту үшін және Қазақстан мен Каспий теңізіндегі басқа мемлекеттері арасында сауда-саттықты кеңейте күшейту үшін аса қажет «, — деп атап өтті елші.

«Менің пікірімше, Lloyds Register Group компаниясын жұмысқа тарту арқылы Қазақстан әлемдік теңіз қауымдастығымен ықпалдасады», — деп мәлімдеді П. Браммел.

ҚР көлік және коммуникация министрлігінің су көлік департаментінің директоры Берік Уандықов атап өткеніндей, Қазақстанның «ашық теңізге шығудың нақты саясаты бар».

«Теңіз кеме қатынастарын дамыту бағдарламасы дайындалып бекітілді. Біз 2012 жылға дейін ішкі бағытта 300-400 кемені пайдаланамыз деп жоспарлап отырмыз, өйткені біз сонымен қатар танкерлік флотты да дамытып отырмыз. Біз теңіз кеме саласында үлкен жетістіктерге жету үшін әдбен дайындалдық», -деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті