құрамында спирті басым ішімдіктерді сату уақытына шектеулер енгізу ұсынылып отыр.
Үкімет «Қазақстан Республикасының бірқатар заң актілеріне этил спирті және алкоголь өнімдері өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мәжіліс қарауына берді. Құжат Қазақстанның нормативтік-құқықтық актілер жүйесінде жарияланды.
Құжатқа сәйкес, 21-ге толмағандарға алкоголь өнімдерін сатқан жеке тұлғаға 10 АЕК (1 АЕК – 1852 теңге) көлемінде, шағын және орта кәсіпкерлік нысанының қожайыны болып табылатын жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаға 80 АЕК, ірі кәсіпкерлік нысаны бар заңды тұлғаға 120 АЕК көлемінде айыппұл салынып, аталған өнім түрін сатуға берілген лицензиясы тоқтатылады. Қазір осындай заң бұзушылық жасаған жеке тұлға 5, шағын және орта кәсіпкер 40, ірі кәсіпкер 60 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.
Заң бұзушылық бір жыл ішінде қайталанған жағдайда жеке тұлғалар 20 АЕК, шағын және орта кәсіпкерлік нысан иесі (заңды, жеке тұлға) 140 АЕК, ірі кәсәпкерлік субъектісінің қожайыны 180 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Сонымен қатар, олар спиртті ішімдік сату жөніндегі лицензиясынан айырылады. Қазіргі айыппұл көлемі: 10, 70 және 90 АЕК.
Заң жобасында мейрамхана, дәмхана мен барлардан басқа жерлерде алкоголь өнімдерін түнгі сағат 23:00-ден түскі 12:00-ге дейін сатуға тыйым салу ұсынылған. Ұсыныс қабылданған жағдайда құрамындағы этиль спиртінің үлесі 30 пайызды құрайтын ішімдіктер түскі екіге дейін сатылмайды.
Қазір спиртті ішімдіктерді демалыс күндері түнгі 24:00-ден таңғы 8:00-ге дейін, басқа уақытта түнгі 23:00-ден таңғы 8:00-ге дейін сатуға болмайды.
Үкімет әзірлеген құжатта уақыттық шектеулерді бұзған азаматтарға қолданылатын шаралар да көрсетілген. Мәселен, заңды белшеден басқан жеке тұлға 10 АЕК, шағын және орта бизнес нысаны бар лауазымды тұлға, жеке кәсіпкер мен заңды тұлға 80 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектісі 120 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Сонымен қатар лицензиясы уақытша тоқтатылады. Заң бұзушылық бір жыл ішінде қайталанған жағдайда айыппұл көлемі де өседі (тиісінше 20, 140, 180 АЕК).