Жарияланды: 390

Қазақстанда ТЖ режимін бұзғандар үшін айыппұл 10 есеге көбейеді

Қазақстанда ТЖ режимін бұзғандар үшін айыппұл 10 есеге көбейеді Сурет - Әлихан Сариев

Мәжіліс депутаттары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгертулер енгізуді қолдады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Енді төтенше жағдай режимін бұзғандар жарты миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуге міндеттеледі.

Депутат Бейбіт Мамраевтың айтуынша, төтенше жағдай режимін немесе шектеу шараларына қатысты талаптарды орындаудан бас тартқандарға қатысты жауапкершілік күшейтіледі.

Осылайша 10 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін (27,7 мың теңгеден 277,8 мың теңгеге дейін) айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу көзделіп отыр. Ал ережебұзушылық екінші рет қайталанған жағдайда 200 АЕК-ке (555,6 мың теңге) дейін немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін