Қазақстанда ҰБТ басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ҰБТ басталды

Қазақстанда ҰБТ басталды

Бүгін, 21 маусымда елімізде Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсыру басталды.

  • 21 Маусым 2020
  • 36
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҰБТ-ны мектеп түлектері жоғары оқу орнына түсу үшін тапсырады. 

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, ҰБТ биыл 21 маусым мен 5 шілде аралығында 161 пунктінде өтеді. Аудиториядағы адам саны 2 есеге қысқарады. Барлық аудиториядан онлайн трансляция жүргізіледі.

ҰБТ-ның алғашқы күні 161 пунктің 51-і ғана жұмыс істейді. Оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Орташа есеппен бір ҰБТ тапсыру пунктіне 120 адамнан келеді. 

Бүгін емтиханды тек 6,5 мың талапкер тапсырады. 

ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық талап күшейеді:

  • дезинфекциялық тоннельден өту,
  • арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерді зарарсыздандыру,
  • дене қызуын өлшеу, қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеу,

  • медициналық маскалар беру.

Сондай-ақ, тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде тест тапсырушылар арасындағы арақашықтықтың кемінде 2 метр болуы тиіс, әрбір аудитория бактерицидтік құралдармен және ауа рециркуляторларымен кезең-кезеңімен желдетіліп өңделеді.

Сонымен қатар, биыл тест тапсырушыларға алғаш рет калькулятор пайдалануға рұқсат берілді.

Тестілеу уақыты 4 сағатқа дейін ұзартылып, түлектер мемлекеттік емтиханнан босатылды.

Айта кетейік, биыл ҰБТ-ны 131 755 адам тапсырады. Осы жылы ҰБТ форматына өзгеріс енгізілген жоқ. Түлектер 5 пәннен тест тапсырады: үш міндетті және екі бейіндік пән. Барлық тест тапсырмасының саны — 120, максималды балл — 140.

Соңғы жаңалықтар