Қазақстанда вакцина алғандар ғана жұмысқа жіберіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда вакцина алғандар ғана жұмысқа жіберіледі

Қазақстанда вакцина алғандар ғана жұмысқа жіберіледі

Енді жұмысқа вакциналанған қызметкерлерді ғана кіргізеді. Вакцина салдырмағандар әр апта сайын вирус жұқтырмағаны туралы ПТР-анықтама көрсетуге тиіс.

  • 8 Қазан 2021
  • 46
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда жұмысқа коронавирусқа қарсы вакцина алғандарды кіргізу ресми түрде бекітілді. Денсаулық сақтау министрлігі басшысының толықтырылған бұйрығы НҚА ақпараттық-құқықтық жүйе сайтында жарияланды.

Өзгерістер денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынуы (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына енгізілді.

49-тармақ 11 және 12 тармақшалармен толықтырылды:

  • 11) ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас санитар дәрігерлері белгілеген ұйымдарда/объектілерде COVID-19-ға қарсы вакцина алған жұмыскерлерге кеңсеге барып жұмыс істеуге рұқсат беру;

  • 12) ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас санитарлық дәрігерлері белгілеген ұйымдарда/объектілерде COVID-19-ға қарсы вакциналанбаған жұмыскерлерді міндетті ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет), тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып шыққан адамда медициналық анықтама болған жағдайда кеңседен жұмыс істеуге жіберу.

Бұйрық 2021 жылдың 17 қазанынан күшіне енеді.

Бұған дейін республикада жұмысшылардың вакцина паспорты мен ПТР-тестілерін тексеруді заңдастыру жоспарланып отырғаны хабарланды. Құжат 20 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Соңғы жаңалықтар