Жарияланды: 470

Қазақстанда ветполиция бекеттерін ұйымдастыру жоспарланып отыр

Қазақстанда күрделі эпизоотикалық жағдайға байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінің буферлік аймақтарында ветеринарлық қызметтердің бақылау бекеттерін ұйымдастыру жоспарланып отыр, деп мәлім етті Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков.

«Қазіргі уақытта эпизоотикалық жағдай әлі де болса күрделі. Жоспарланған ветеринарлық шаралардың толық көлемде орындалғанына қарамастан, БҚО-да аусыл індеті бас көтерді. Бұған малды буферлік аймақтан еркін аймақ арқылы айдауға тыйым салу бойынша ветеринарлық заңнаманы бұзу басты себеп болды», - деді ол сейсенбі күні үкіметтегі селекторлық кеңесте. Министрдің айтуынша, Батыс Қазақстандағы ауру ошағы шектелді, бірақ «жақында БҚО-ның сол ауданында жаңа ошақ пайда болған». «Осыған байланысты басқа еркін аймақтарда аурудың бас көтеруіне жол бермеу мақсатында сізден, Кәрім Қажымқанұлы (Мәсімов - ҚазТАГ) ІІМ-ге буферлік аймаққа жатқызылатын аймақтан шығар тұста ветеринарлық полицияның бақылау бекеттерін ұйымдастыруды хаттамалық түрде тапсыруыңызды сұраймыз. Бұл - ОҚО, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарының аумақтары. Мен ІІМ-мен сөйлестім, ол біледі және бұл шараны қолдайды», - деді ол үкімет басшысына қаратып айтқан сөзінде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін