«Бұл сомадан заңдастырылған ақшаның сомасы 536 млрд теңгені, немесе 4,4 млрд АҚШ долларын құрап отыр»,- деп хабарлады Кәрім Мәсімов. Ол сондай-ақ, «заңдастырудың қорытындысын есептеу жалғасып жатыр, бұл алдын ала жасалған қорытынды»,- деп нақтылап өтті.
«Мемлекет басшысының мүлікті заңдастыру жөніндегі бастамасы өзін толықтай ақтағандығын айта аламын, бүгінгі күнде өз мүлкін заңдастырғысы келген Қазақстанның барлық азаматы мүліктерін заңдастырып алды»,- деп санайды үкімет басшысы. «Олар біздің жүйеміздің тұрақты екендігін тексерді, мемлекет басшысының кепілдігіне сенді»,- деп атап өтті премьер.
К. Мәсімов жүргізілген іс-шара «өте маңызды және қажет», деп санайды. «828 млрд теңге — бұл біздің республикалық бюджетіміздің үштен біріне тең. Қазір елімізде жаңа заңды нысандар пайда болды, олар бюджетке салық төлеп, олардың иелері заңды жұмыс істей алады»,- деді Кәрім Мәсімов.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда мүлікті заңдастыру жөніндегі іс-шара 31-шілдеде аяқталған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті