ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: «KIA» «Sportage», «Sorento» және «Optimaның» сатылымы рекордтық көрсеткішке жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.32
  • 582.92
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: «KIA» «Sportage», «Sorento» және «Optimaның» сатылымы рекордтық көрсеткішке жетті

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: «KIA» «Sportage», «Sorento» және «Optimaның» сатылымы рекордтық көрсеткішке жетті

Қазақстандықтардың отандық өнім «KIA» көлігін сатып алуға деген қызығушылығы артып келеді. Мамыр айында осы марканың 14 үлгісінің сатылымы бірден 51 пайызға өсті. 

  • 10 Маусым 2015
  • 611
Фото - Caravan.kz

«KIA Motors Kazakhstan» компаниясының атқарушы директоры Андрей Толстиковтың айтуынша, қолайлы баға сұраныс пен жеңілдік несиемен мемлекеттік бағдарламаның қолға алынуы арқасында сатылым осы айда жоғары көрсеткішке жетті. 

«Елімізде аталған марканы сатып алушылар саны 51 пайызға ұлғайды. Өткен жылмен салыстырғанда, тіпті нарықта қиын кез қалыптасқанның өзінде де сатылым артты. Бұл қазақстандықтардың KIA брендіне ерекше қызығушылығын көрсетеді, клиенттерімізге отандық өнімді қолдағаны үшін алғыс білдіреміз».
2015 жылдың 5 айында көлікті елдің 4 740 тұрғыны сатып алды.
Ең сұранысқа ие седан мен хэтчбек «Rio» маркасы болса, мамырда «Sportage», «Sorento» және «Optima» үлгілерінің сатылымы рекордтық деңгейге жетті.
Айтқандай, 2015 жылғы 4 айдың нәтижесі бойынша «KIA» Қазақстан нарығында ең көп сатылатын көліктердің «ТОП» үштігіне кірді.
Ол сондай-ақ, 2015 жылғы 4 мамырдан бастап, KIA көлігін 4 пайыздық номиналдық ставкамен сатып алуға болатынын хабарлады. Барлық марка үлгілері мемлекеттік бағдарлама жағдайында қолжетімді болып отыр.