Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Мәншүк Әбдікәрім мәлімдеді.
«Біздің алдымызда жетім балаларды мемлекеттік қолдаудың жүзеге асырылғанын көруіміз үшін барлық жетім балалардың бірыңғай деректер қорын құру бойынша нақты тапсырма тұр», — деп М.Әбдікәрім атап көрсетті.
Оның айтуынша, қазір осы жүйенің техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде.
М.Әбдікәрім деректер қоры аудандық білім бөлімін, облыстық білім басқармасы, балалар құқығын қорғау жөніндегі біздің комитет, әділет министрлігі, сыртқы істер министрлігі, елшілік пен консулдық, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігін қамтитын болады.
«Біз 500 млн теңгеге жуық ақша қажет болады деп ойлаймыз, мұны үш жылға жоспарлаймыз. ТЭН 2015 жылдың қаңтарына қарай аяқтамақпыз, 2015 жылы ақша бөлсе осы бағдарламаны енгізе бастаймыз, 2016 жылы оны жүргізіп, 2017 жылы мамандар оқытатын боламыз», дейді ол.
М.Әбдікәрімов мағлұматтар деректер қорында бала 18 жасқа толғанға дейін сақталатынын айтады.
«Егер бала мүмкіндігі шектелген болса, ол қандай отбасында тәрбиеленеді, қандай жәрдемақы алады, егер асырап алынған болса, қандай отбасында тәрбиеленуде, егер шетел азаматтары асырап алған болса, елшілік қамқорлығына алатыны көрсетіледі. Бұл деректер қорында 33 мың бала болмақ. Егер бала пәтер алса, тұрғын үй алуға қатысты бағдарлама орындалды деп қосамыз, егер алмаса жергілікті әкімдерге бұл туралы мәлімет береміз. Орталық орган, облыстық және аудандық органдар жұмыстың бүкіл осы жүйесін көріп отырады. Деректер қорын құру бізге айқындық орнатуға мүмкіндік береді», — дейді министрлік өкілі.