Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараттарына сүйенсек, 25-қаңтарда 18 сағатта Алматы облысының Іле ауданында Алматы — Өскемен тасжолында «Тойота» жеңіл көлігі ағашқа соғылған. Жол апатының салдарынан оқиға болған жерде екі адам қайтыс болып, екі адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Сонымен қатар, Атырауда 25-қаңтарда 15 сағат 30 минутта «Фольксваген» жеңіл көлігі жол бойындағы жылу трассасына соғылған. «Жол апатының салдарынан оның жүргізушісі мен көліктегі төрт жолаушы оқиға болған жерде көз жұмған»,- деп хабарлады Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті