Қазақстанда жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы жүзеге асырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы жүзеге асырылады

Қазақстанда жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы жүзеге асырылады

Қазақстан үкіметі дүйсенбі күні селекторлық кеңесінде «Жұмыспен қамту бағдарламасы - 2020» бағдарламасын бекітті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Шiлде 2011
  • 476
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен, үкіметтің қолдауымен әзірленген жұмыспен қамту бағдарламасы шілде айында жүзеге асырыла бастайды», — деп мәлім етті еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова дүйсенбі күні кеңесте.

Еңбек министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, бұл бағдарламамен 2015 жылы 1,5 млн қазақстандық қамтылады. Ол уақытта кедейшілік деңгейі 6%-ға дейін төмендеп, жұмыссыздық деңгейі 5,5%-дан аспайтын болады.

«Үстіміздегі жылы жұмыспен қамту бағдарламасын пилоттық режимде жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 40 млрд теңге бөлінді. 100 мыңнан аса адамды мемлекеттік қолдау шараларымен қамту жоспарланған», — деді министр.

Соңғы жаңалықтар