Қазақстанда жыл басынан бері 86 мыңнан астам қылмыс тіркелді - Бас прокуратура
Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жыл басынан бері 86 мыңнан астам қылмыс тіркелді. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистка және арнаулы есептер жөніндегі комитетінің қылмыстық-құқықтық статистика бөлімінің бастығы Жанар Белгібаева брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Тіркелген қылмыстардың жалпы саны 86 мыңнан асты, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда қылмыстар санының өсу динамикасы 1,8% құрады", -деді ол.
"Қылмыстар саны еліміздің 9 өңірінде өсті: Маңғыстау, Павлодар, Жамбыл, батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы және Ақтөбе облыстары".
"Қылмыстарды ашу көрсеткішінің азаюы Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында байқалды", -деді Ж. Белгібаева.
Оның айтуынша, "әйелдерге қатысты жасалған қылмыстардың саны 2,1% өсті".
"Жалпы қылмыстар құрылымында ұрлықтар саны 5,6%-ға, тонаушылықтар саны 9,2%-ға өскен, ал бопсалаушылықтар саны 5,8%-ға, қарақшылық шабуылдар 4,1%-ға, бұзақылық - 15,2%-ға кеміді", -деді өкіл.
"Сондай-ақ, қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен жарылғыш қондырғылардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстар саны 35,7%, есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстар саны 3,1% азайған", - деді Ж. Белгібаева.
"8 айда жалпы қылмыс жасағандар саны 50 мың адам болды, бұл былтырғы жылғыдан 2% кем", -деді Бас прокуратура өкілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін