Қазақстанда жыл басынан бері 86 мыңнан астам қылмыс тіркелді - Бас прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жыл басынан бері 86 мыңнан астам қылмыс тіркелді - Бас прокуратура

Қазақстанда жыл басынан бері 86 мыңнан астам қылмыс тіркелді - Бас прокуратура

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жыл басынан бері 86 мыңнан астам қылмыс тіркелді. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистка және арнаулы есептер жөніндегі комитетінің қылмыстық-құқықтық статистика бөлімінің бастығы Жанар Белгібаева брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Қыркүйек 2008
  • 464
Фото - Caravan.kz

«Тіркелген қылмыстардың жалпы саны 86 мыңнан асты, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда қылмыстар санының өсу динамикасы 1,8% құрады», -деді ол.

«Қылмыстар саны еліміздің 9 өңірінде өсті: Маңғыстау, Павлодар, Жамбыл, батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы және Ақтөбе облыстары».

«Қылмыстарды ашу көрсеткішінің азаюы Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында байқалды», -деді Ж. Белгібаева.

Оның айтуынша, «әйелдерге қатысты жасалған қылмыстардың саны 2,1% өсті».

«Жалпы қылмыстар құрылымында ұрлықтар саны 5,6%-ға, тонаушылықтар саны 9,2%-ға өскен, ал бопсалаушылықтар саны 5,8%-ға, қарақшылық шабуылдар 4,1%-ға, бұзақылық — 15,2%-ға кеміді», -деді өкіл.

«Сондай-ақ, қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен жарылғыш қондырғылардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстар саны 35,7%, есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстар саны 3,1% азайған», — деді Ж. Белгібаева.

«8 айда жалпы қылмыс жасағандар саны 50 мың адам болды, бұл былтырғы жылғыдан 2% кем», -деді Бас прокуратура өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар