«Соңғы бес жылда телекоммуникация саласының орташа жылдық өсімі 30 пайызды құрады. Менің ойымша, осы жылы да ол көрсеткіш кемімейді», — деді Асқар Бишіғаев.
Ол қазіргі уақытқа дейін бұл көрсеткіш шамамен 33-35 пайызды құрап отырғандығын атап өтті. «Яғни, сала республикадағы ең қарқынды өсу үстіндегі салалардың бірі. Ұялы байланыс желісі де ең жылдам қарқынмен өсуде», — деп атап өтті төраға орынбасары.
Оның айтуынша, операторлардың есептеулері бойынша ұялы байланысты пайдаланушылар саны Қазақстанда үстіміздегі жылдың желтоқсанына қарай 12 миллионға таяды. «Бірақ бұл жерде бұл көрсеткіш сатылған SIM-карттардың саны екендігін есте ұстаған жөн. Біреулер екі, енді біреулері үш SIM-картқа ие. Соған қарамастан, бұл ұялы байланысты пайдаланушылардың дүниежүзінде қабылданған санағы», — деп түсініктеме берді Асқар Бишіғаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті