Қазақстандағы 10 ЖОО академиялық еркіндік алады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы 10 ЖОО академиялық еркіндік алады

Қазақстандағы 10 ЖОО академиялық еркіндік алады

Бүгінде Білім және ғылым министрлігі жасаған заң жобасы бойынша, Қазақстандағы 10 ЖОО академиялық еркіндік алады.

  • 15 Қыркүйек 2014
  • 621
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев хабарлады.

«Қазіргі таңда бакалавриаттық білім беру бағдарламаларының 55%-ын, магистратураның 70%-ын және докторантураның 100 пайызын ЖОО-лар өздері белгілейді. Сондықтан оларға бағдарлама құрастыруда толықтай еркіндік бар», — деді ол журналистердің сұрақтарына жауап беру барасында.

Вице-министрдің айтуынша, заң жобасы білім саласындағы халықаралық стандарттар мен талаптарға сай жасалған. «Осыған қоса, бізде сынақ түріндегі бағдарламалар да бар, мәселен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және басқа да ЖОО-лар. Бірақ заңның жаңа жобасында біз бұл деңгейді біршама кеңейткіміз келеді. Сонда ерекше статусы бар университеттер, яғни 10 ЖОО, академиялық еркіндік ала алады», — деді виуе-министр.