Қазақстандағы ең қайырымды жандардың есімі белгілі болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы ең қайырымды жандардың есімі белгілі болады

Қазақстандағы ең қайырымды жандардың есімі белгілі болады

Қазақстанда қайырымды адамдардың саны өсіп келеді. Бұл туралы еліміздегі қайырымдылық саласындағы «Алтын жүрек» сыйлығының ұйымдастырушылары мәлім етті. «Алтын жүрек» ұлттық қоғамдық сыйлығы 11 жыл қатарынан «мейірімділік» атты асыл қасиеттің күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналған жандарды іздеп, марапаттайды. Осылайша, жыл сайын ең мейірімді сыйлық дәстүрлі түрде қоғамның өмірінде ерекше орынға ие.  

  • 25 Қазан 2017
  • 386
Фото - Caravan.kz

Осылайша, жыл сайын «Алтын жүрек» сыйлығы дәстүр бойынша халыққа 11 номинация бойынша  беріліп, олардың игі істері қоғамның өмірінде мейірімділік пен гуманизмнің үлкен рөл атқаратындығын дәлелдейді. «Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының ұйымдастырушылары  11 жыл қатарынан еліміз бойынша нағыз мейірбан, жаны жомарт жандарды іздеп келеді. «Қайырымдылық»  сынды асыл қасетті бойларына сіңірген алтын жүректерге алғыс айтып ел алдында мадақтап, марапаттап келе жатқан еліміздегі жалғыз марапат. 

Биылғы жылы да Қазақстанның ең мейірбан сыйлық иегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі 27 қазан Абай атындағы академиялық опера және балет театрында өтеді. 

Осы жылғы ұлттық сыйлық номинанттары қатарында Орал қаласының тұрғыны Біржан Қожақов церебральды сал ауруымен ауыратын науқастарды оңалтуға арналған вертикализатор-техникалық ​​құрал-жабдықтар жасап арнайы оңалту мекемелеріне тегін таратады. Қазір Біржанның жетекшілігімен бірнеше мүмкіндігі шектеулі ондаған адам жұмыспен қамтылып игі істер қатарын жыл санап арттырып келеді.  Сондай-ақ, үздіктер қатарынан «28 петель» клубы, 25 баланың анасы атанған Екібастұз қаласының тұрғыны Екатерина Яценконы атап өтсек. Танымал саясаттанушы Досым Сәтпаев пен атымтай жомарт меценаттар қатарында  Нұрлан Смағұлов пен  Бауржан Оспанов та бар. «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша Тараз қаласында балалар үйін ашып, бірнеше жылдар бойы жалғызбасты аналарға және жетім балаларға қолдау көрсетіп келе жатқан Американдық Виктория Шарбоне мен Елизабет Турнок есімдері ерек.    



 

Соңғы жаңалықтар