Жарияланды: 860

Қазақстандағы кәсіподақ ұйымдары атқарушы билікпен қоян-қолтық жұмыс істеуі тиіс - ҚР парламенті мәжілісінің депутаты

Қазақстандағы кәсіподақ ұйымдары атқарушы билікпен қоян-қолтық жұмыс істеуі тиіс, әсіресе еңбекақының негізін құрайтын ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу секілді мәселе бойынша етене әрекеттесуі керек. Бұл туралы пікірді бүгін, 23-шілдеде Алматыда өткен "Үш жақты әлеуметтік әріптестік арқылы нарықтық еңбек қатынастарын дамыту" атты семинарда ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Валентин Макалкин ортаға салды ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

В.Макалкиннің айтуынша, "қазір әлеуметтік әріптестік туралы заң өзара ортаға салған нәрселерге құлақ асу тәсілдерінің бірі ретінде қарастырылуда. Алайда айтатын наз-өкпелер жетіп артылғанымен, соны тыңдайтын құлақ табылмай тұрған жоқ па". В.Макалкиннің пікірінше, шығындарды мейлінше азайта түсуге тырысатын жұмыс беруші үшін жалдамалы жұмысшылар шығындарды азайтудың бір мүмкіндігіне айналып отыр. "Мұндай жағдай жалдамалы жұмысшылардың наразылығын туғызып, олар өз құқықтарын қорғауға талпыныстар жасауда. Осынау қарым-қатынаста, билік шын мәнінде арбитр ролін атқаруы тиіс",- дейді В.Макалкин. Елімізде өкілеттілік билік, атқарушы билік, сот билігі деген биліктің үш бұтағы бар. Алайда, В.Макалкиннің айтуынша, жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы үш жақты қарым-қатынасқа тек атқарушы билік қана араласып отыр. "Дәл осы тұста оғаш жағдай қалыптасып отыр : бір жағынан үкімет бүкіл мемлекет атынан сөз сөйлейтіндіктен арбитр ролін атқара алады. Бірақ екінші жағынан алып қарағанда, үкімет тек бюджеттік тұрғыдан ғана емес, мемлекеттік меншік тұрғысынан алғанда да жұмыс беруші болғандықтан мүдделі тарап ретінде жұмыс берушінің қамын күйттейді",- деді В.Макалкин. Бір сөзбен айтқанда, мәжілісменнің пікірінше, үкімет жұмыс берушінің қорғаушысы секілді қабылданады. Осындай жағдайда кәсіподақ ұйымдары үшін бағдарды дұрыс айқындаудың маңызы зор. Соның нәтижесінде қандайда бір дау-дамайда биліктің басқа бұтақтары жалдамалы жұмысшылардың жағына көбірек шығатындай дәрежеде атқарушы билікке ықпал жасау керек,- дейді В.Макалкин.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть