Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақыны атады.

  • 15 Тамыз 2022
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, биылғы 7 айда қазақстандықтарға 1,7 триллион теңгеден аса сомаға зейнетақы төленген. 2022 жылғы шілдеде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 243,3 миллирад теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 73,9 миллирад теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 169,4 миллиард теңге бөлінген.

"2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 247 мың адам. 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 
109 156 теңге
 болды", — делінген хабарламада.

Еске салайық, шілдеде зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда 117 469 теңге болған еді.

Соңғы жаңалықтар